Bugin
Фото: Астана арнасы
Енді аса ауыр қылмыс жасағандар ақша төлеп бостандыққа шыға алады. Алайда адам өлтіргендерге бұл заң қолданылмайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Мұндай шешім жаңа заң жобасы шеңберінде қабылданбақ. Сондай-ақ, алқабилердің құзыретіне қатысты біраз өзгеріс енгізілуі мүмкін. Бұдан былай олар судьясыз шешім қабылдайды. Яғни соңғы нүктені қояды.
Енді сотқа алқабилер қатысса, нақты шешім шығару солардың құзырына өтеді. Процеске 11 алқаби қатысады. Олар соңғы нүктені дауыс беру арқылы анықтайды. Кеңеске судья қатыса алмайды. Өз ойында қоспайды. Билердің нұсқасы қабылдауға мәжбүр. Алқабилердің сотқа қатысу, қатыспауын сотталушы шешеді. Бір ғана мысал. Күні кеше атышулы Қуандық Бишімбаев сотқа билердің қатысуын сұрады. Сәйкесінше, судья оның өтінішін қабылдады.