Bugin
Фото: mykaleidoscope
Аргентинада 23 жастағы студент егде жастағы әйелге тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Бұл оқиға қоғам арасында қызу талқыланды.
Қарт әйел қайтыс болғаннан кейін өз әйелінің зейнетақысы үшін күресе бастаған.
Маурисио Оссоланың айтуынша, ол 2015 жылы 26 ақпанда қарт туысы Йоландаға үйленген. Ол кезде заң факультетінің студенті 23 жаста болса, некелескен әйелі 91 жаста еді.
Алайда, ерлі-зайыптылардың некелері ұзаққа созылмады. Себебі 2016 жылы 30 сәуірде Йоланда қайтыс болған.
Әйел қайтыс болғаннан кейін жас жігіт оның ақшасын өзіне мұрагер ретінде алып отыруды жоспарлаған. Алайда әлеуметтік қызметтер оның өтінішін қабылдамай, олар Маурисио мен Йоланданың некелері туралы ештеңе білмейтіндерін айтты. Ерлі-зайыптылардың көршілері де қарт әйелдің некесі туралы ештеңе білмеген.
Жауап ретінде студент-күйеу жігіт Жоғарғы сотқа шағым түсірген.
Жас жігіттің айтуынша, ата-анасы ажырасқаннан кейін ол университеттің оқу ақысын төлей алмай қалған. Содан кейін Йоланданың өзі кейінірек қаржылық мәселелерін шешу үшін Маурисиоға некені рәсімдеуді ұсыныпты.
"Ол менің өмірімдегі басты тірек болды. Мен Йоланданы шын сүйдім. Бұл сезім мені өмірінің соңына дейін онымен бірге қалдырды. Иә, ол 90 жастан асқан еді, бірақ ол сондай жарқын адам болды!" – деді аргентиналық.