Bugin

Ер адам Париждегі әйгілі Эйфель мұнарасын сатып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.kz

Виктор Люстиг -  есімді азамат әлемге әйгілі алаяқтың бірі. Оның Париждегі Эйфель мұнарасын жөндеуді жоспарлаған кезде болған алаяқтық ісі әлемге танылды. 

Ер адам осы жағдайды пайдаланып, мұнараны басқаратын пошта және телеграф министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерінің атына жалған құжаттар дайындайды. Өз жоспарын мұқият құрған алаяқ құзырлы органдардың атынан жалған хат жасап, бес ірі темірмен айналысатын бизнесмендерге шақыру жіберген.

Люстиг жеке кездесу барысында қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге Эйфель мұнарасының тозығы жеткенін және Париж тұрғындары мен оның қонақтарына қауіп төндіретінін, сондықтан қала билігі оны кәдеге жарату туралы шешім қабылдағанын айтты.

Ал мұндай қадам жұртшылықтың наразылығын тудыруы мүмкін болғандықтан, ол мұнараны бұзуға келісім-шарт бойынша жабық аукцион өткізуге құқылы екенін айтып, барынша сендіруге тырысқан көрінеді.

Әлемге "Махаббат мұнарасы" деп танылған Эйфельді алу үшін Люстигке қомақты қаражатты жергілікті кәсіпкер берген. Ал алаяқ ақшаны қолма-қол алған соң елден қашып кетеді. 

Қанағатсыздық танытқан алаяқ екінші рет елге келіп, осы жоспармен тағы да оңай ақша табуды көздейді. Бірақ ол полицейлерге ұсталып қалады. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!