Bugin
Фото: бейнеден алынған
Степногордағы ауруханада науқастарға құрттаған тамақ берілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК телеарнасына сілтеп.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Аурухананы санитарлар тексеріп жатыр.
Тамақтың ішінен жәндік қалқып жүрген. Ал оны емделушілер ұялы телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеп жіберген.
Науқастар медицина мекемесіндегі тамақтың дәмсіздігін айтып, тіптен ас ішуден бас тартқан.
"Аумақ басқармасымен жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Ол тексеріс прокуратура органдарына тіркеліп жүргізіледі. Бұған дейін ол тексерілген, жоспарлы түрде, биыл ақпан айында. Аталған факті бойынша ондай бұзушылықтар болған емес", - деді Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.