Bugin

TikTok-қа тыйым салынбақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Getty Images

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы TikTok қытайлық ByteDance компаниясынан бөлінбесе, елде пайдалануға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы  Bugin.kz тілшісі  CNN агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заң жобасы ByteDance-ке TikTok платформасын сатуға бес ай уақыт береді. Бұл жасалмаса, қолданбалар дүкендері TikTok-ты жоюға мәжбүр болады. Дегенмен, қолданбаны орнатқандар оны пайдалануды жалғастыра алады, бірақ ол жаңартылмайды.

Өкілдер палатасы TikTok ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп санайды. Өйткені Қытай үкіметі ByteDance-ті АҚШ пайдаланушы деректерін беруге мәжбүр етуі мүмкін.

TikTok Қытай билігімен деректерді бөлісуден бірнеше рет бас тартты. Компания өкілдері мұндай ақпаратты үкімет сұраса да бөліспейміз деп отыр.