Экономика

Дамуға жол: Өзбекстанда скутер, мотоцикл, трицикл шығаратын зауыт ашылды

Өзбекстан соңғы жылдары бұл тұрғыдан қатты дамуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

10 сәуір күні «Norin Moto Bike» скутер, мотоцикл, трицикл шығаратын зауыт ашты. Зауыт Наманган облысының Нарын қаласында орналасқан. 

Аталмыш өнімді шығару үшін АҚ «Узавтосаноат» пен «Lifan Group Co.Ltd» компаниясының арасында келісім жасалды. Келісім нәтижесінде екінші тарап Өзбекстанға құрастырушы бөлшектерді жеткізеді. 

Жаңа зауыт 150 адамды жұмыспен қамтып отыр. Болашақта ол тағы 500 адамды жұмысқа тартпақ. 

27 ақпан күні аталмыш зауыт велосипедтер шығаруды бастаған болатын. Бұл жобаны Өзбекстанның инвестициялық бағдарламасы бақылауға алып, демеушілік жасауда.