Bugin

116 несие алған қазақстандық анықталды: елімізде ең көп несие алған кімдер?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы саласына тән емес қызықты құжатын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тосын жайтты жария етті. Елімізде ең көп кредит алған рекордсмендер анықталды. Дербес құпияны ашпау үшін ведомство ол кісілердің атын атамады. Бір белгілісі, әйелдер арасындағы рекордшының басындағы несиелерінің саны еркектер арасындағы рекордшыдан екі еседей асып түсті.

Агенттік мамандары:

"Орташа алғанда, Қазақстанда ерлер мен әйелдер 2 қарыздан алады. Алайда әйелдер негізінен, өздеріне ұсақ қарыздарды көп ресімдейді. 2023 жылы бір ғана ер адам алған қарыздардың ең көп саны – 69 заемды құрады. Бұл алдыңғы жылғы ең көп қарыз алған ер адамнан 10 несиеге кем. Ал әйелдер арасында ең көп қарыз алған адам өзгермей қалды және ол 116 заемға ие", – деп мәлім етті.