Bugin
Фото: depositphotos.com
ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі сәресі туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Сәресі ішудің қандай пайдалары бар екендігі туралы "Рамазан оразасына қатысты пәтуалар" кітабынан жауап беріілген.
Сәресі ішудің өзіндік берекеті мен артықшылықтары бар:
1) Сәресін ішуге тұрған адамға Алла мен Оның періштелері салауат айтады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
إِنَّ اللهَ و مَلائِكَتَهُ يُصَلُّونَ على المُتَسَحِّرِينَ
"Расында, Алла және Оның періштелері сәресі ішкендерге салауат жолдайды"[1], – деген.
2) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті орындалады;
3) Құлшылыққа күш-қуат береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
استعينوا بطعامِ السَّحرِ على صيامِ النَّهارِ
"Күндізгі оразаларыңа сәресінің асын ішіп көмектесіңдер"[2], – дейді.
4) Ширақтықты арттырады (белсенділік, энергия, т.б);
5) Аштықтан келетін нашар мінездің алдын алады;
6) Сəресі дұғаның ең қабыл болатын кезіне сәйкес келеді;
7) Сəресіде ниетті түзеп, ықыласты арттыруға мүмкіндік туады;
8) Сәресіне тұрған адам таң намазына ұйықтап қалмайды.
Сондықтан мұндай пайдалардан құр қалмас үшін сәресіне тұрған жақсы. Ал сәресі іше алмай қалып, ауыз бекіткен адамның оразасы дұрыс саналады.
[1] Ахмад, №11086.
[2] Ибн Мәжә, №333.