Bugin
Фото: polisia.kz
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінде 21 жылға сотталған Д. есімді азамат заңды некесін қиды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сотталған мен некеге тұрушы әйелдің өтініші негізінде неке қию рәсіміне мекеме заңгері мен теолог маманы, АХАЖ бөлімінің маманы мен мешіт имамы шақырылды.
Мекеме заңгері А. Измагамбетова:
"Әдетте некеге тұрушыларға тек АХАЖ бөлімінің заңды түрде неке қию куәлігі берілетін. Ал бұл некені растайтын діни құжат та, заңды құжат та бар. Сотталған азаматтың өтініші негізінде дін өкілі шақырылып, некеге тұрудағы барлық жөн-жоралғы жасалды", - дейді.
Айта кететін жайт, мекемеде кәмелет жасына толған әрбір жазасын өтеуші заңды түрде некесін қиюға құқылы.