Bugin

Енді кімдерге энергетикалық сусын сатылмауы мүмкін екені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев енді жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатылмауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Мәжіліс қабылдаған "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы бірінші оқылымда қаралды.

Жиында сенатор Ғалиасқар Сарыбаев:

"Осы заңды қарау барасында Сенат депутаттары балалар мен жасөспірімдердің энергетикалық сусындарды сатуды 21 жасқа дейін шектеуге және заңды қатаңдатуға қатысты ұсыныстар болды. Алайда бұл шешім барлық мәселені шешпейді. Себебі, энергетикалық сусынды тұтыну жүрек-қан тамырлары, қант диабеті, бүйрек, жүйке тамырлары, мигрень ауырларына алып келеді. Жүкті әйелдерде шарананың дамуына кері әсер етеді, адамда қорқыныш, үрей пайда болады. Психологиялық және физикалық тәуелділікке алып келеді. Біз ұсынған түзетулер белгілі бір дәрежеде бизнесті шектейтін түсінеміз. Алайда балаларымыз бен немерелеріміздің денсаулығы кез келген триллиондаған қаржыдан қымбат екенін естеріңізге салғым келеді. Неге Үкімет Парламент депутаттарының бастамасымен қолдап, бүгінге дейін осы мәселенің қорытындысын бермеді, кешіктірді? Осы мәселе бойынша нақты ұсынымдарды білгіміз келеді. Бұл қандай мерзімде қандай заң жобасы аясында өзінің заңнамалық шешімін табады?", - деді