Bugin

"17 және 63 жаста": Павлодарда автобус екі адамды қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Павлодарда жолаушылар автобусы екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Әлеуметтік желіде Павлодарда Малайсары батыр мен Российская көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы екі адамды қағып кеткен видеосы тараған еді. Оқиға орнына медициналық бригада тоғыз минутта жеткен.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі 13 наурызда 14:52-де станцияға жол-көлік оқиғасы туралы шақыру түскенін мәлімдеді.

Түрлі жарақаттармен 17 жастағы жасөспірім қызды облыстық балалар ауруханасына, ал 63 жастағы әйел № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді.