Bugin
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысында үйлерде пеш жұмыс істемей, салдарынан балалар көміртегі тотығынан уланып қалған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиға Аягөз қаласында болған.
"Көміртегі тотығынан улану бойынша бірден екі жағдай тіркелді. Екі жағдайда да жеке тұрғын үйлерде қатты отынмен жылытылатын пештің мұржасын тазартудың салдары көміртегі тотығынан улануға әкеп соққан", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
2008, 2015 және 2021 жылы туған үш бала ауруханаға жатқызылды.
Министрлік өкілдері тұрғындарға ескерту жасап, пештерін алдын ала жөндеуі қажет екенін айтты.