Bugin
Фото: polisia_aqtobe
15 жастағы Насиба Шамшетованың жоғалғанына 20 күнге таяған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia_aqtobe Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, 2008 жылы туған Маңғыстау облысы Ақтау қаласының тұрғыны Шамшетова Насиба Асмадинқызы іздестірілуде.
Ол 27 ақпан күні Ақтөбе қаласындағы туыстарының үйінен шығып кеткен және қазіргі уақытқа дейін оның жүрген жері белгісіз.
"Белгілері: бойы - 155-160 см, дене бітімі - арық, шашы - ұзын қара, көздері - қара. Киінгені: ақ пальто, сұр шалбар, қара кроссовка. Аталған кәмелетке толмағанның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, полицияның “102”, 8707-765-3525, 8775-680-5888 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз",- делінген хабарламада.