Weekend

Қазақтың атын жүзіммен шығарып еді...

Жүзім өсірумен айналысқан шаруашылық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мына сарғайған суреттегі кісілердің барлығын да Ордабасы ауданындағы «Қарақұм» шаруашылығында (бұрынғы «Октябрь») күндіз-түні еңбек етіп, ел экономикасының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан буын өкілдері деуге болады. Соның арқасында жүзім өсірумен айналысқан бұл шаруашылықтың даңқы облысқа ғана емес, бүкіл республикаға жайылған еді.

Шаруашылық жұмысының жандануына атсалысқан азаматтардың бірі – Бижігіт Раев. Суретте оң жақтан санағанда бірінші тұр. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында 8-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы сапында жауға қарсы соғысқан. Жауынгер майдан даласынан елге аман-есен оралған соң өзі туып-өскен өңірде түрлі қызметтер атқарды. Әттеген-айы сол, кейіпкеріміз Ұлы Жеңістің 50 жылдығын тойлауға екі айдай уақыт қалғанда өмірден озды.

Айта кетейік, суретте сол кездегі мектеп директоры Аппаз Нұрлыбаев пен шаруашылықтың парторгы Әбутәліп Сейдуллаев та бар. Ал, отырғандар қатарын солдан оңға қарай санағанда соғыс ардагері Досан Бейсенов, агроном, бөлімше меңгерушісі Ыдырыс Аманулла, жүргізуші Божбанбай Өксікбаев, шарап зауытының директоры Аюпхан Ахметов, жүзім бригадирі Алтынбек Рысбаев толықтыра түскен.

Суреттегі азаматтардың бәрі де өз еңбегімен бүгінгі жастарға үлгі-өнеге бола алады. Қазіргі таңда олардың өсірген ұл-қыздары да еліміздің түкпір-түкпірінде мемлекетіміздің одан әрі көркеюі үшін еңбек етуде.

Ұлғаным ӘРІПХАНҚЫЗЫ. Ордабасы ауданы