Bugin

"Қазақмыста" бөлім бастығы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

"Қазақмыс" компаниясында бөлім бастығы күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Азат Жұмабаев "қылмыстық құқық бұзушылық жасады" деген күдікпен ұсталды.

"13 наурызда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қарағанды облысының Ішкі Істер департаменті "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қауіпсіздік Дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС заң қызметі департаменті орталық өңірі заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Азат Мақсұтұлы Жұмабаев ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта А.М. Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген компания хабарламасында.