Bugin
Фото: trip-for-the-soul.ru
Канадада 10 адамның өліміне себепші болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ВВС-ге сілтеп.
Майлз Сандерсон есімді азамат бір күнде 10 адамды өлтіріп, 18 адамды жарақаттады деген күдікке ілінген.
Канада полицейлері оны үш күн бойы іздеп, қолға түсірген. Сандерсонға қасақана кісі өлтіру және өлтіруге оқталу деген айып таққан.
Майлз Сандерсон осы уақытқа дейін бірнеше рет сотталған.