Bugin
Фото: rbc
9 ай бұрын жоғалған ер адам табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lider.kz-ке сілтеп.
1989 жылы туған Куколев Эдуард Юрьевич есімді азамат 2023 жылғы 20 маусымда жоғалып кеткен еді.
Ол жоғалған күні жұмысынан шыққан. Ер адам Мүгедектердің қоғамдық бірлестігінде жұмыс істеген.
Қара жұмысшы болып еңбек еткен ол отбасына оралмаған.
"ҰЛым үйге асыққан еді. Себебі сол күні әжесінің туған күні болатын. Ол жұмыс киімімен жоғалып кетті", - деді Эдуардтың анасы Марина Куколева.
Еріктілер ер адамның 13 наурызда Қарасай ауданындағы бес метрлік септиктен табылғанын айтады. Ер адамның неден қайтыс болғаны анықталуда.