Bugin
Фото: ашық дереккөзден алынды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның кортежі жол апатына ұшырады. Қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ердоғанның өзі Мардиндегі митингідегі иәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Түркия басшысы:
“Сырнактағы митингіден кейін бүгін жол апатынан қаза тапқан полиция қызметкері Фират Дереге көңіл айтамын”, - деді.
Ердоған жарақат алған басқа қызметкерлердің тез сауығып кетуін тіледі.
IHA агенттігінің хабарлауынша, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Сырнак провинциясында болған жол апатында бір полицей қаза тауып, үшеуі жараланған, олардың екеуі полицей.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа Ердоған кортежіндегі жеңіл көліктер мен құрылыс материалдарын тасымалдайтын жүк көлігінің соқтығысуы себеп болған.