Bugin

"Бір отбасы 6 адамынан айырылды": салқын ауа-райына байланысты 15 кісі қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: asiaplustj.info сайтының материалынан алынды 

Тәжікстанда 2023-2024 жылғы қыста ауа райының суытуы салдарынан 15 адам қаза тапты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Азия-Плюс” сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Зардап шеккендердің көбі суық ауа райында қолдан жасалған пешпен жылынуға тырысып, көміртегі тотығынан уланған. Тәжікстанда қыс неғұрлым қатал болса, соғұрлым мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Биыл қыс жұмсақ болғанымен, жарықтың жоқтығынан 15 адам көз жұмды.

Соңғы оқиға биылғы жылдың 5 наурызына қараған түні Хисар қаласында орын алып, нәтижесінде бір отбасының үш мүшесі көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.

2 наурыз күні түс ауа Душанбенің Шахмансур ауданында тағы бір жантүршігерлік оқиға орын алып, онда кәмелетке толмаған 3 бала қаза тапты. Оқиға орнын тексеру кезінде өрт радиатордан (жылытқыштан) шыққаны анықталды.

28 ақпанға қараған түні Душанбенің Фердавси ауданында бір отбасының алты мүшесі түтінге уланып қайтыс болды.

2023 жылы желтоқсанның 7-нен 8-іне қараған түні Душанбенің Исмаил Сомони ауданындағы Ходжамбиой поён ауданында тұратын тағы бір отбасы осындай қайғылы жағдайды бастан өткерді. 42 жастағы әйел мен оның екі қызы өз үйінде көмірқышқыл газынан уланып мерт болды.