Bugin

Алтын орда базарындағы былық: әкім не айтты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиеватышулы базар Алтын ордаға қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Облыс әкімінің сөзінше, Алтын орда базары бойынша құқық қорғау органдары, салық органдары тексерулер жүргізген. Марат Сұлтанғазиев:

"Алдынғы жылдарға қарағанда салық түсімдері көбейген. Оның үстіне тіркелмеген кәсіпкерлер анықталып, тіркеуге қойылды. Бір жағынан базардың өзі салық төлейді, екінші жағынан сол жерде жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де төлейді. Өздеріңізге белгілі, базарға тексерулер жүргізген кезде салықтық міндеттері анықталып, алдынғы жылдарға қарағанда бір жарым еседей көп салық төленген", - дейді. 

Кейіннен 200-ге жуық кәсіпкер тіркелген. 

Сонымен қатар, облыс әкімі жаңадан салынған павильонннан орын алып, ақша салып, орнын ала алмай отырған кәсіпкерлердің шағымына қатысты пікір білдірді. 

"Бұл жерде келісімшарт жеке кәсіпкер (саудагер) мен базардың әкімшілігімен жүргізілгенін түсіну керек. Олар павильоннан орын алу үшін ақша берген. 300 адам шағымданған. Іс қозғалды. Кейін ұйымдастырушы қамауға алынды. Әкімшілік тарапынан павильон құрылысын тездету, саудагерлерге төлеген ақшасына байланысты жұмыс орнын беру. Ол үшін толық рұқсат құжаты берілген. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр", - дейді әкім.