Bugin

Алдағы демалыс күндері ауа райы жылына ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге, 16, 17, 18 наурызға  арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Алдағы үш тәулікте батыста, солтүстік-батыста, аптаның соңында шығыста, 17-18 наурызда Қызылорда облысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

18 наурызда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында қар түріндегі  жауын-шашын күтіледі. 16 наурызда күндіз, 17 наурызда тәулік бойы Маңғыстау облысында қатты жаңбыр күтіледі.

Жауын-шашынсыз ауа райы 16-17 наурызда Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Қазақстанның шығысында болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын күтіледі.

Ауа температурасы республиканың оңтүстік жартысында 8-20 градус жылынуы мүмкін, солтүстік жартысында 0-8 градус жылынады деп болжанады.