Bugin
Фото: видеодан кадр
Ақын Серікзат Дүйсенғазы инстаграм парақшасында ұлы қаза болған жерді көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ақын өзінің ақпаратында әлі күнге дейін сот отырысы өтіп жатқанын айтты.
"Ардақты ағайын! Бүгін соттың оннан аса отырысы өткен. Соның бір отырысы осы көшпелі отырыс Елікті паркте болмақ. Әлиханымның соңғы көрген жері. Осы жерден іщшіне кіріп едік. Осы жерде қазір көшпелі сот отырысы өтеді. Адвокат бар, інім бар", деді Серікзат Дүйсенғазы.
Оның сөзінде орман әлі қоршалмаған.
Міне, ардақты ағайындар. Әлиханымның соңғы демі үзілген жер. Анау тауға соғылған ғой. Бұл жердің ешқайсысын жаппаған әлі ашық тұр. Осы үшін соттың алдында біраз дауласып қалдық. Біз де заң да, иман да әлсіз екенін түсіндім. Адам өліп жатса да орманды қоршауға болмайды деп дау шығарып отыр", - дейді ақын.