Bugin

"Аяусыз ұрған": Түркістан облысында 11 жастағы қызды зорламақ болған адамға сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Әлеуметтік желіден

Түркістан облысында 11 жастағы қызды зорламақ болып, қан-жоса етіп сабаған ер адамға үкім шықты,  деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бұл туралы "Не молчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, ер адам жас қызды зорламақ болған. 

Massaget.kz тілшісі бұл іс бойынша облыс прокуратурасына сауал жолдаған. 

"Биыл қаңтарда Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Кентау тұрғыны Н.С. жас баланы зорлауға оқталу іс-әрекеті бойынша кінәлі деп танылып, осы баппен оған педагогикалық және тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бұрын тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы түпкілікті 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген жауапта. 

Сотталғанға жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді.

Қылмыстық істе Н.С. қылмыстық құқықбұзушылық іс-әрекетін дәлелдейтін жеткілікті іс-құжаттар жинақталған.

Қазір бұл іс сотталған Н.С. шағымы бойынша апелляциялық сот алқасында қаралып жатыр. Бұл қылмыстық іс облыс прокуратурасының бақылауында.