Bugin

"Тұман, көктайғақ": сенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

16 наурызда Астана мен еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталв "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Астанада күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылорда қаласында күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Қарағанды облысыныңсолтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с күтіледі.