Bugin
Фото: stan.kz
Ыстамбұлда Ибрагим Келоғлан есімді азамат өзі тұратын тұрғын үй кешенінің ішінде жүрген жануарды өлтірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ер адамның мысықты азаптап жатқан сәті тұрғын үй кешеніндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеодан ер адамның мысықты 6 минут бойы азаптап, тепкілегенін анық көруге болады.
Видеолар әлеуметтік желіде тарап тұрғындар мен еріктілердің наразылығын тудырды. Халық наразылыған соң, ер адам қамауға алынды. Алғашында сот Ибрагим Келоғланды бір жыл үш айға бас бостандығынан айырғанымен, Ыстамбұл тұрғындары сот ғимаратының маңында жаппай наразылық шерулерін бастап, әлеуметтік желілерде #eros (мысықтың аты) белгісімен 1 миллионға жуық жазба жарияланды.
Нәтижесінде сот шешімімен Ерос есімді мысықты өлтірген Ибрагим Келоғлан 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.