Bugin

Лас вагонға ашуланған ақтөбелік жолаушы сотта жеңіп шығып, ақша өндіретін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Ақтөбе тұрғыны лас вагондары үшін "Қазақстан темір жолынан" ақша өндіретін болды. Ол пойыздағы тазалық талаптарының сақталмағанын айтып сотқа жүгініп, жеңіп шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ақтөбе тұрғыны былтыр тамызда 13 жастағы қызымен Атыраудан пойызға мінген. Шаң басқан терезеден бастап, сатпақ-сатпақ купе, қақ араласқан лас суды көріп шошиды. Дереу тәртіп сақшыларын шақырып шағым түсірген.

Ақтөбелік әуелі соттан жолақысын қайтаруды сұрайды. Оған қоса, моральдық шығынды өтеуін талап етеді. Бұл іс жолаушының бірі оқушы болғандықтан кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралды.

Билетке кеткен жолақысы қайтарылмағанымен, лас вагон үшін судья "Қазақстан темір жолына" қарасты "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамынан 100 мың теңге моральдық шығын мен 200 мың теңге қосымша шығынды өндір туралы шешім шығарды.

"Жүк тасымалы" акционерлік қоғамынан екі жолаушы пайдасына әр қайсысына 50 мың теңгеден моральдық өтемақы және 200 мың теңге өкілдің көмегіне жұмсалған шығын өндірілді. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - деді Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі жетекшісі Айжамал Сүндет.