Bugin

Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Синоптиктер бүгін, 17 наурызда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.