Bugin
Фото: Cultural.kz
Аргентина аумағында ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Андрей Хазбулатов ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттіне сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
ІІМ мәліметінше, былтыр жазда ер адамды елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін халықаралық іздеуге салған. Ол 196 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Андрей Равильевич Хазбулатов философия ғылымдарының докторы (PhD), доцент, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі мәдени саясатының тұжырымдамасының, "Кинематография туралы" заңының авторлары мен әзірлеушілерінің бірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.