Bugin

Екі жасар баласы бар отбасы ұшақ апатына ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Tengritravel.kz

Калифорнияда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ұшақ ішінде екі жасар баласы бар отбасы болған. Ерлі-зайыптылар қызымен бірге Санта-Розаға сапарға шыққаны анықталды. Онда отбасының үйі болған.

Бірақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай Cirrus ұшағының қозғалтқышы істен шыққан. Рөлді тізгіндеген ер адам тез әрекет етіп, ұшаққа салынған парашют ашып жіберген.

Осының арқасында жылдамдығы баяулап, ұшақ ағаштарға қонған. Ұшақ апатынан аман қалған отбасы тек жеңіл жарақаттар ғана алған көрінеді. Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар келіп, оларға алғашқы көмек көрсетті.