Bugin

Тарихи жеңіс: қазақстандық спортшы жүлделі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша тарихи жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Спортшы Роттердамда өтіп жатқан әлем чемпионатта күміс медлаь жеңіп алды. Никишаны Қазақстан ҰОК басшысы Геннадий Головкин спортшыны жетістігімен құттықтады.

“Шорт-тректен әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи медаль жеңіп алғаныңызбен Сізді және бапкерлеріңізді шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңіс көк мұздағы ұзақ жылдар бойғы еңбектің, төзім мен тәртіптің жемісі. Болашақта бұдан да биік нәтиже көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлерді одан әрі қуанта беруіңізге тілектеспін!”, - деді ҰОК президенті.