Bugin
Фото: dobro-news.com
Ораза кезінде майлы, ащы немесе арнайы дәмдеуіші көп тағамдардан бас тартқан дұрыс, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Рамазан айында ораза ұстаған азаматтар күн ұзаққа аш құрсақ жүреді. Сондықтан ауыз ашқанда асқазанға ауырлық түсірмей ең алдымен құрмамен, сумен бастаған жөн.
Ыстық тамаққа сорпа не болмаса ет қосылған көкөніс тағамы сияқты жеңіл тағамдар жеу қажет. Одан бөлек, майы көп емес, қатты қуырылмаған, отқа піскен етті тағамдар мен көкөніс тағамдары, жеңіл салаттармен тамақтанған дұрыс.
Рамазан айында аш болғандықтан адамда тез шаршау, әлсіреу жиі болады. Оның алдын алу үшін құнарлы тағам жеу қажет.
Бір айлық ас мәзірден қою түсті қара шайды, түрлі тәтті өнімдер мен шоколадтарды, газдалған сусындарды алып тастаған абзал. Себебі олар қарныңызды тез аштырып, шөлдетеді.
Ауыз бекіткен адамға талқан, тары, көкөністер мен жемістер, күріштен жасалған жеңіл тағамдар, құрма жеу ұсынылады.