Bugin
Фото: Керем Юджел / AFP / Getty Images
Ғалымдар Атлант мұхитына құйылатын Гренландия мұз қабатының еруіне байланысты Еуропада жаздың қалай болатынын болжап отыр. Ғалымдардың айтуынша, биыл Еуропаның жазы ыстық әрі құрғақ болады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі theguardian.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұзақ мерзімді болжамдарды жоғары дәлдікпен жасау қиын. Дегенмен, Weather and Climate Dynamics журналы Еуропадағы жаздың қалай өтетіні туралы жаңа зерттеу жариялады. Зерттеу Гренландия мұз қабатының еруіне негізделген.
Зерттеу авторы, Ұлыбританияның мұхиттану орталығының докторы Марелина Олтманн Гренландия мұзының еруі кезінде болатын оқиғалар тізбегі жаздың қандай болатынын көрсетуі мүмкін екенін айтады.
Гренландиядағы жылы климат мұздықтардың еруіне және мұздық суларының Атлант мұхитына көбірек ағуына әкеледі. Мұздық суы теңіз суынан жеңіл болғандықтан теңіз деңгейінде қалады және теңіз суымен араласпайды. Ал бұл су ауа мен теңіз арасындағы жылу алмасуды азайтады.
Соның салдарынан мұздық суы құйылған бөліктерде қатты жел соғады. Жел бағытының әсерінен Солтүстік Атлант ағыны солтүстікке ығысады. Нәтижесінде Еуропада ыстық және құрғақ ауаны тудыратын кең ауқымды атмосфералық циркуляция қалыптасады.
Доктор Марелина Олтманн:
"Анықталған оқиғалар тізбегіне сүйене отырып, біз мұхит-атмосфера жағдайлары Еуропаның оңтүстігі үшін әдеттен тыс жылы және құрғақ ауа-райын қалыптастыруға қолайлы болады деп болжаймыз", - дейді.