Bugin

Алматы облысында үш жасар қыз жоғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бүлдіршін 17 наурызда сағат 16:00 шамасында Күш ауылындағы Қарашеңгел аңшылық шаруашылығындағы үйінен шығып, оралмаған.

Қыздың бойы – 100-105 см, арықша келген, шашы қара әрі ұзын, қой көзді. Үстіне ақ жолақты капюшоны бар қызғылт күртеше, сұр көйлек, аяғына қызғылт етік киген.