Bugin
Фото: Kabarlar_tv
Қырғызстанда бір айдан бері іздестіріліп жүрген Әсел Жанарбектің денесі өлі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kabarlar_tv Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Әсел Жанарбекті іздестіру жұмыстары 15 ақпан күні басталған. 19 жастағы бойжеткеннің денесі ауыл маңындағы каналдан табылған. Бұл мәліметті жергілікті полиция растады.
"Қыздың өлі денесі бүгін табылды. Жансыз дене экспертизаға жөнелтілді. Содан кейін тергеу әрекеттері жүргізіледі. Қыздың киімі мен ұялы телефоны канал маңынан табылды",- делінген хабарламада.