Bugin
Фото: Адырна
92 жастағы медиамагнат Руперт Мердок жақын арада ресейлік кәсіпкер Роман Абрамовичтің бұрынғы қайын енесі Елена Жуковаға үйленбек, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Адырна ұлттық порталына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Бұл әлемдегі ең ірі медиа корпорациялардың бірі News Corp иегері Мердок үшін бесінші неке болмақ.
Баспасөз мәліметтеріне сәйкес, Елена Жукова ресейлік миллиардер Александр Жуковтың бұрынғы әйелі және Роман Абрамович 2008-2017 жылдар аралығында некеде болған модель Дарья Жукованың анасы.
Мердоктың өкілдері New York Times газетіне оның 67 жастағы Жуковамен күйеуге шыққанын және үйлену тойы маусым айында Калифорниядағы магнаттың үйінде болатынын айтты.