Bugin
Фото: КТК
Түркістан облысында 29 жастағы келіншек құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі КТК-ға сілтеп.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қайғылы оқиға 18 наурыз күні Түлкібас ауданындағы Майлытөбе ауылында болды.
Марқұм келіншек ашық алаңдағы құдыққа құлаған. Құдықтың тереңдігі - 40 метр. Салдарынан келіншек жарақат алып, ауадан тарылған. Алайда құтқарушылар арнайы құрылғымен марқұмға оттегін жіберіп отырыпты.
Оқыс оқиғадан кейін үш сағат өткен соң беліне арқан байлаған құтқарушылардың бірі құдық түбінен әйелді алып шыққан.
Өкінішке орай жер бетіне шығарылған келіншек көз жұмған.
Қазір марқұмды құдыққа әлдекімнің итеріп жібергені не байқаусызда құлағаны тексеріліп жатыр.