Bugin
Фото: avif
Сәтбаев қаласының бұрынғы әкімі кәсіпкерден 10 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Шенеунік 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
"2024 жылдың ақпан айында Ә. қала әкімі бола тұра, Сәтбаев қаласындағы жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетін жеке кәсіпкер М.-нан мемлекеттік сатып алу шартының сомасын ұлғайтуға және оның кеңеюіне жәрдемдесу үшін 10 млн теңге көлемінде пара алған", - делінген облыстық соттың Facebook-тегі хабарламасында.
Нәтижесінде экс-әкім Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.