Bugin

"Көршілер атысты": Ақтаулық тұрғынның сөзі көпті шошытты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінде атыс болғаны туралы хабарлама жұртты шошытты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz-ке сілтеп.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ақтаудағы 4-шағын аудандағы №53 үйде атыс болғаны туралы хабарлама пайда болған.

Желіде:

"Ұйқы жоқ. Көршілер атысты. Адамдардың дені сау емес", – деп жазған Ақтау тұрғыны таратқан видеосына.

Бұл жайтқа қатысты Маңғыстау облысының ПД түсініктеме берді.

"Үйде ешқандай атыс болған жоқ. Ағайынды екі жігіт пәтерлердің бірінде төбелескен. Олар ұсақ бұзақылық жасап, халықтың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп түсіндірді облыстық ПД.