Bugin
Фото: daeger.club
Шымкенттегі балабақшалардың бірінде кішкентай баланы біреу тістеп алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Екі жасар бүлдіршін Айшаның бүкіл денесін біреу тістеп тастаған. Тіпті тістеген жер жара болып, қан аққан.
Жәбірленген қыздың әкесі алғашқы көмектің көрсетілмегенін айтады.
"Басқалардың тәрбиешілері қызымды осы уақыт бойы біздің тәрбиешінің қызы ұрып-соғып, тістегенін айтты. Ал тәрбиеші қызымды басқа бала ұрды деп бізді алдады. Мен қызымды ұрған баланың ата-анасының нөмірін сұрадым, бірақ ол маған нөмір беруден бас тартты. Тәрбиеші көп өтірік айтты. Ақыр аяғында бәрі анықталды. Ол өзінің қызы менің қызымның бетінен және арқасынан тістегенін мойындады. Одан осы уақытта қайда болғанын сұрағанымда, ыдыс жуғанын айтты. Бұл уақытта балалар ойнап жүрген", - дейді ол.
Тіпті азаматқа қауіпсіздік камераларынан дәлелдер де берілмеген. Тіпті олар жұмыс істемегенін мәлімдеген.
Балабақша басшылығы тәрбиешігі қатаң сөгіс беріп, оны жұмыстан шығарғанын мәлімдеді.
"Біз бұл оқиға туралы хабардар емеспіз. Мұғалім де, ата-ана да бізге бұл жағдай туралы айтқан жоқ. Баланы нақты кім тістегені анық емес. Бірақ тәрбиешінің баласы деп ойлаймыз. Камералардың жазбалары жоғалып кетті, өйткені сол кезеңде камералар жұмыс істемеді. Қызмет көрсететін ұйым бізге дискі толып кеткенін және жазба сақталмағанын айтты", - деді балабақша өкілі.