ҚОҒАМ

19 наурыз – Жаңару күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Бүгін – жаңа өмірге қадам басып, жаңа мақсаттарға ұмтылатын Жаңару күні деп, хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Биыл Наурыз мейрамын тойлау 10 күнге жалғасып, арнайы Наурызнама кестесі құрылды. Наурызнаманың бүгінгі, алтыншы күні – "Жаңару күні" деген атауға ие болды. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде тал егу ұсынылды. Мектептер мен балабақшаларда арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды.

"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген тамаша сөз бар, осы дәстүрді жалғастырып тал егіп, ұрпаққа үлгі көрсетіліп жатыр. 

Наурыз – жылдың басы. Алты ай қыстан аман шыққан халық күннің көзін көріп риза. Жаңару күні жақсылыққа ұмтылып, жылды ойдағыдай қарсы алайық.  Биылғы жыл молшылық пен байлыққа толы болсын!

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61