Bugin

Маңғыстауда жарылыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Маңғыстау облысында газ құбыры желісінде өрт шығып, жарылыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқыс оқиға аудан аумағында "ИнтергазОрталықАзия" АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырында болды. Бұл жағдай туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

"8 наурыз күні түнгі сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы "ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт шығып, жарылыс болды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр", – деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.