Bugin
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысына қарасты Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Алматы облысы полициясының мәліметінше, іздеу жұмыстары әлі нәтиже бермеген.сБала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен.
"Полицияға кешке қыздың анасы хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды. Жалпы 300-ге жуық адам жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын жеткізген. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелген. Арнайы іздестіру тобы құрылып, үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.