Bugin

Ұшақта жағдайы нашарлаған адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

"Орал әуе жолы" компаниясына тиесілі ұшақта өзін жайсыз сезінген жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 18 наурыз күні кешке Мәскеуден Тәжікстанның Куляб қаласына ұшып шыққан ұшақта болған. Өзін жайсыз сезінген жолаушыға қажетті медициналық көмек көрсетілгенімен, жағдайы жақсармаған.

Ұшақ командирі Самараға қону туралы шешім шығарған. Ал жағдайы нашарлаған ер адамды медициналық қызметкерлердің қолына тапсырды. Қонғаннан кейін ер адам жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер қолдан келгенін жасады, дегенмен адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Екі сағаттан соң, ұшақ Тәжікстанға аттанды.