Bugin

Түркістан облысында күйеуі әйелін пышақтап, өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: otyrar.kz

Сайрам ауданында ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Күйеуі әйеліне пышақ салмақ болып  ұмтылғанда суық қару мойнына тиген. Кейіннен өзіне бірнеше рет пышақ сұққан.

Көлікпен Асар шағынауданына дейін қансырап жеткен ерлі-зайыптыны "Арлан" арнайы жасағы қуып, белгі беріп, әзер тоқтатқан. Жараланғандарды жедел жәрдем көлігі келіп алып кеткен.

Дәл қазіргі уақытта 1989 жылғы ер адам ауруханада ауыр халде жатыр.

Оған бас ми сүйегінің жабық жарақаты, бас ми шайқалуы, бас төбе бөлімі кесілген жарақаты, іш аймағының ашық енген кесілген жарақаты, сол жақ сан ортан бөлігі  жарақаты диагнозы қойылған.

Әзірге ресми орган ақпарат беруден бас тартты.