Bugin

Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қыздың мұрнын сындырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Kerek.pv

 

Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қызды ұрып-соққан. Бұл туралы Bugin. kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл оқиғаға қатысты Білім вице-министрі Еділ Оспан пікір білдірді. Басқарма мұндай әрбір факті бойынша тексеру жүргізіп, қорытындысын тиісті мемлекеттік органдарға жіберетініне сендірді.

Қазір полиция шара қолдану үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, министр баланың Павлодар облысы аудан әкімдерінің бірімен туыстық байланысы бар екенін растады.

Kerek.pv сайтының хабарлауынша, оқиға 10 қаңтарда элиталық №8 Павлодар лицейінде болған. Шабуыл туралы жәбірленуші оқушы қыздың анасы айтты. Алғашында екі оқушы арасында сөз таласып, кейін бала қызға шабуыл жасап, мұрнын сындырған. Жанжалдан кейін жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Полицейлер жасөспірімнің әрекетін денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру деп бағалаған.