Bugin

“Жарысқа қолдауға барған”: Танымал спортшының әйелі қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram.com/sabalenka_aryna

"Салават Юлаев" хоккей клубының баспасөз қызметі бас бапкер Виктор Козловтің көмекшісі қызметін атқарған Константин Кольцовтің қайтыс болғанын хабарлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Константин Кольцов 42 жасында Майамиде көз жұмды, ол бұл жаққа әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенконы "Мастерс" алдында қолдауға барған. Әзірге оның өліміне не себеп болғаны белгісіз.

Танымал хоккейші белорус теннисшісі Арина Соболенконың сүйіктісі болатын.

"Салават Юлаевтың" жаттықтырушысы Константин Кольцовтің өмірден озғанын қайғырып хабарлаймыз. Ол керемет жан еді, оны әріптестері, жанкүйерлер жақсы көрді және құрметтеді. Константин Евгеньевичтің есімі клуб тарихында мәңгіге қалды. "Салават Юлаев" хоккей клубы Константин Евгеньевич Кольцовтің туыстары мен жақындарына көңіл айтады",  – делінген мәліметте.