Bugin
Фото: freepik.com
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 106,3 мың адамды құрағанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Мәлімет бойынша, 49,8 мың адамға төлем алғаш рет белгіленді. Төлемдердің жалпы сомасы 12 млрд теңгені құрап отыр.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмысшылар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.
Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен жүзеге асырылады.