Bugin
Фото: Видео скрині
Алматы облысына қарасты Есік қаласының маңындағы Бөлек ауылында Үлкен Алматы каналын кесіп өтетін көпірден 46 жастағы ер адам құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы телеарнасына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Марқұмның туыстары мәйітті құлаған жерінен ала алмай жатқандарын айтты. Жыл сайын 3-4 адам осы көпірден құлап қаза табады екен.
"Құлап барып, сырғанап анау тұрған бетонға басын жарып, үйелеп қалған. Артқа шығуға мүмкіндік жоқ. Үш қызы, бір ұлы бар. Бір үй азаматынан, асыраушысынан айырылып отыр. Нарынқолға әке-шешеміздің жанына жерлеп келдік", – деді марқұмның інісі Елжас Нүсіпов.