Bugin
Фото: eldik_kabarlar
Қырғызстанда 19 жастағы қыздың денесі судан табылған еді. Қаза болған қыздың әкесі құдаларын кінәлап отыр, деп хабарлайды Bugi.kz порталы eldik_kabarlar Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Жоғалғанына 1 айдан асқан Әсел Жанарбектің денесін кеше каналдан тапқан. Қыздың әкесі бұл іске күйеу баласы мен оның ата-анасының кінәлі екенін айтты.
"Бәріміз іздеп судың ішінен таптық денесін. Экспертизаға беріп жатыр. Бәрі әділ болса екен. Күйеу бала мен құдалардан да сұрақ-жауап алсын. Барлық жағдай солардың үйінде болды ғой",- дейді қыздың әкесі.