Bugin

"Ораза": сәресінде нені ескеру қажет?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: prazdniki-ramazana

Ауыз бекіткен адам сәресін ішіп, ниет еткені абзал. Күні бойы аш құрсақ болмас үшін құнарлы тағамдарды ішу қажет, деп хабарлайды Bugin.kz порталы muftiyat.kz-ке сілтеп.

Хадистерде сәресінде береке бар екені айтылады.

"Сәресі тамағы – берекет. Бір жұтым су болса да оны тастамаңдар. Өйткені сәресіде тамақтанғандарға Алла рақым етіп, оларға періштелер кешірім тілейді", - делінген.

Сәресінің ағзаға пайдасы мол. Себебі таңғы ас қаншалықты құнарлы әрі пайдалы болса, адам өзін күні бойы жақсы сезінетін болады.

Ауыз бекітер алдында құрма жеу өте пайдалы болып табылады. Тіпті құрмамен ауыз ашудың да пайдасы зор.

Ораза ұстауға бекінген адам күні бойы аш жүреді. Сол себепті ауыз бекіткен адамның құрамында протеині мол тағамдарды жегені абзал. Ал құнарлығы мол тағамдарға асылған ет, жұмыртқа, қаймақ, сүзбе, сүт және ірімшік сынды заттар жатады.

Алайда ораза ұстаған болсаңыз сәресіндегі ас мәзірінен кептірілген ет, шұжық, тәттілерді азайтқан жөн. Себебі аталған тағамдар адамды шөлдетеді. Тіпті ораза кезінде ұннан жасалған, майлы, қуырылған және ащы тамақтардан бас тартқан жөн.

Сонымен қатар көбірек су ішу де қажет.